Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Зауытта жылына 1 млрд литрге дейін сусын өндіріледі. Мұнда 230-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейтін болады. Дайын өнім Қазақстан нарығынан бөлек ТМД елдеріне экспортталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен, ҚР Сыртқы істер вице-министрі мен компания өкілдері және жергілікті тұрғындар...